СҚО-да ауыл әкімі өлі күйінде табылды

Сурет: gov.kz
Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайлов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 19 мамырда оқиғаға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын нақтылады.


"2026 жылғы 18 мамырда СҚО Май ауылында 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімдігі аппаратының сайтындағы мәліметке сәйкес, Ерлан Смайлов 1977 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келген. Ол еңбек жолын математика және физика пәндерінің мұғалімі ретінде бастаған.

Май ауылдық округінің әкімі қызметіне 2026 жылдың 17 ақпанында тағайындалған.

Еске салсақ, 2026 жылғы 6 мамырда Ақтөбе облысында Кенкияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтың мәйіті табылған. Ол 4 мамырда өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазып, 5 мамырда ресми түрде қызметінен босатылған. Ал, 2025 жылғы 22 желтоқсанда Темір ауданының Темір қаласы әкімі Еркін Далмағамбетовтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін