Маңғыстау облысында тарихи жерасты мешітін бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы көне тарихи-мәдени ескерткіш – Қапам ата жерасты мешітіне белгісіз біреулер пластик есік пен терезе орнатып кеткен. Қазір аудандық полиция бөлімі оларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылы мамандар мешіттің тарихи маңызы мен сақталу деңгейін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген. Әйтсе де кейін нысанның кіреберісі пластик құрылыммен жабылғаны белгілі болды. Осы дерекке байланысты аудандық полиция тексеріс бастаған. Егер кінәлі тұлға анықталса, оған 10-нан 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, деп хабарлаайды КТК телеарнасы.

Сондай-ақ заңсыз орнатылған құрылымды өз есебінен алып тастап, ескерткішті бастапқы қалпына келтіруге міндеттеледі.

"Қапамсай жартасты мешіті қазір сараптаманың қорытындысы бойынша маңызды мешіт екені дәлелденді. Жалпы алдағы уақытта оны жергілікті маңыздағы жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына қосуға мүдделіміз. Болған жағдай бойынша, құқық бұзу бойынша анықтау мақсатында құзырлы органдармен жұмыс жасалып жатыр". Балтабай Балапан, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры

Бұған дейін археологтар Ыстықкөл түбінен ортағасырлық қаланы тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды