Оқиға түнгі сағат шамамен 03:00-де болған. Полиция қызметкері көрші үй аумағынан шыққан өртті байқап қалып, дереу көмекке асыққан.
"Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Жасұлан Нұрасылов бір сәт кідірместен әрекет еткен. Ол қоршауды бұзып кіріп, қалың түтін басқан жазғы ас үйден ұйықтап жатқан әжейді тауып, қауіпсіз жерге алып шыққан. Кейін үйдегі өзге тұрғындарды оятып, олардың да дер кезінде эвакуациялануына көмектескен",- деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар полицей өрт туралы шұғыл қызметтерге хабар беріп, өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынның таралуына жол бермеу үшін қолдан келген шараларды жасаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел сөндірді. Осылайша, полицейдің батыл әрі шапшаң әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Бұған дейін Маңғыстау облысында тарихи жерасты мешітін бүлдіргендер іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.