Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылыдң 21 мамырында президент Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қыметі берген ақпаратқа сай, президентке өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берілді.

Асайын Байхановтың айтуынша:

Инвестиция тарту жөнінен облыс республикадағы көшбасшылардың бірі саналады.

Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1 триллион теңгеге жетті. Елімізде өндірілетін көмір мен ферроқорытпаның 58 пайызы, электр қуатының 42 пайызы Павлодар облысына тиесілі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9,6 пайызға артып, 571,4 миллиард теңгеге жетті. Ылғал үнемдеу технологиясын қолдану бойынша Павлодар облысы өңірлер арасында алдыңғы қатардан көрініп, шаруалар картоп, күнбағыс және қарақұмықты мол жинады.

Әкім сонымен қатар, әлеуметтік міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Өңірде 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, қалаларда 2 мектеп және ауылдарда 3 мектеп, сондай-ақ 30 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Биыл тағы 2 мектеп салу және әлеуметтік маңызы бар 5 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Асайын Байханов былтыр ауылдардың барлығы таза ауыз суға қол жеткізгенін мәлімдеді. Өңірдің үш қаласындағы қоғамдық көлік паркі толық жаңартылды.

Жақсы жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі 96 пайызға көбейіп, 621 шақырым автокөлік жолы және ауыл ішіндегі көшелер жөнделді. Биыл өңірдегі перспективті ауылдардың кіреберіс жолдарын асфальттау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу, әуежайдың ұшу-қону жолағын және "Шахтер" саябағын жаңғырту, трамвай паркін жаңарту, үшінші ГРЭС салу және "Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы" жобасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы жайында есеп берді.

Президент Екібастұз қаласының әуе қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, облыс әкіміне шаһарда жаңа әуежай ашу мәселесін жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Бұл жобаны іске асыру өңірдің көлік-транзит әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуына тың серпін береді.

Мемлекет басшысы инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және инженерлік-коммуналдық кешенді жаңғырту жұмыстарын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.

Молния
Павлодар
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді