Тоқаев "Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі" атты форумда сөз сөйледі

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы "Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі" атты халықаралық форумда сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

️Президент ең алдымен алқалы жиынның ашылуымен құттықтады.

"Қадірлі меймандарға осы форумға арнайы келгендері үшін алғыс айтамын. Сіздерді Астана төрінде көргеніме ризамын. Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша",- деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі.

"Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл – көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы өте өзекті мәселеге баса мән беремін. Біз "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыра бастадық. Ашық диалог жүргізу, азаматтардың мұң-мұқтажын ескеріп, арыз-шағымына дер кезінде жауап беру елдегі түбегейлі өзгерістердің өзегі саналады. Осы маңызды жұмысқа биліктің әр деңгейдегі өкілдері, соның ішінде министрлер, әкімдер, депутаттар белсенді түрде қатысуы керек. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің конституциялық міндеті",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

️Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекетіміз аса ауқымды құқықтық және қоғамдық жаңғыру жолына түскенін айтты.

"Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады. Біз өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек. Барша азаматтарға, әсіресе, жастарға заңды құрметтеу, заңға бағыну қажет екенін қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірген жөн. Заңды қадірлеу, тәртіпті қолдау, бұл – әр адамның жарқын өміріне жол ашатын маңызды шарт. Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституциямызда осы негізгі қағидат туралы анық жазылды". Мемлекет басшысы

Оның айтуынша, Қазақстанның Бас құжаты – барша азаматқа тең мүмкіндік беретін әділетті қоғамның мызғымас тұғыры.

"Адам және оның өмірі – еліміздің Ата заңына арқау болған басты құндылық. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттің басты міндеттері ретінде айқындалды. Түптеп келгенде, жаңа тұрпатты ел болу жолындағы әрбір реформа, ең алдымен, халықтың қалауымен, жұртшылықтың тікелей қолдауымен жасалады. Әрине, мұның барлығы бір сәтте жүзеге аспайтыны белгілі". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президент жаңа Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойған болатын

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа саяси жүйесі: Президент конституциялық заңдар топтамасына қол қойды

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды

Дрондар мен авиация тартылып Қазақстан бойынша ауқымды операция басталды

Бірінші сынып оқушылары үшін қазақ тілінде бейімделу бағдарламасы енгізілуде