Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 17 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденов-ті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен құқық қорғау органдарының жұмысы туралы есеп тыңдады.

Министрдің айтуынша, 2026 жылдың алғашқы бес айында тіркелген қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға төмендеген. Сонымен қатар негізгі құқықбұзушылық түрлері бойынша да азаю үрдісі байқалып, қылмысты ашу деңгейі артқан.

Ведомство алдын алу шараларын күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударып отыр. Есепті кезеңде бұрын жасалған 1685 қылмыс ашылған.

Сондай-ақ іздеуде жүрген 574 қылмыскер ұсталып, олардың 89-ы шетел аумағынан экстрадицияланған немесе табылған.

Министр киберқылмыс, есірткі қылмысы, ұйымдасқан қылмыс және экстремизмге қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан кешенді шаралар туралы да баяндады. Бұл бағытта халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жалғасып келеді.

Президент құқықтық тәртіпті күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Заң мен тәртіп" қағидатын жүйелі түрде іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан
Молния
Астана
Сәденов Ержан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған