Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Елорда аумағында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері көлік құралдарына заңсыз орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланудың бірнеше дерегін анықтады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан рейдтік шаралар кезінде тәртіп сақшылары қалаға кіреберіс және шығаберіс бағыттарда бақылауды күшейтуде.

Мәселен, сағат 15:25 шамасында "Оқжетпес" стационарлық полиция бекетінде Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 34 жастағы жүргізушінің көлікке көрінеу жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Сол күні таңғы сағат 04:30 шамасында "Өркен" стационарлық бекетінде Chevrolet Tahoe автокөлігі тексерілді.

Көлікті басқарған 25 жастағы азаматтың да жалған нөмір белгілерін пайдаланғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Бұдан бөлек, сағат 08:30 шамасында патрульдік полиция мамандандырылған батальон қызметкерлері Howo жүк көлігін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру барысында 56 жастағы әйел басқарған көлікте заңсыз нөмір белгілері қолданылғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша да әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану заң талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын ескертеді. Мұндай әрекеттер құқық бұзушылықтарды жасыруға, көлік құралын сәйкестендіруді қиындатуға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Алматыдағы шыңдардың біріне апарар жолда жасөспірім тау ауруына шалдықты - ТЖМ дер кезінде көмекке келді