Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды

Сурет: sud.gov.kz
Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымды 2022 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 8 шілдеде Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Асламбек Мерғалиев 1972 жылғы 2 сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген. 1999 жылы Стамбұл мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998–1999 жылдары Екібастұз қаласындағы жеке фирмада заңгер болып бастаған. Кейін 1999–2001 жылдары Павлодар облыстық Әділет басқармасында бас маман, 2001–2003 жылдары Павлодар облыстық сотында бас маман қызметтерін атқарды. 2003–2007 жылдары Павлодар қалалық сотының судьясы болды.

Сондай-ақ Павлодар облысы Екібастұз қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы (2007–2008), Екібастұз қалалық сотының төрағасы (2008–2012), Павлодар қаласының №2 сотының төрағасы (2012–2014), Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы (2014–2015), Қостанай облыстық сотының төрағасы (2015–2020) және Ақтөбе облыстық сотының төрағасы (2020–2022) қызметтерін атқарды.

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне 2022 жылғы 8 желтоқсанда тағайындалды.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Берік Асылов еліміздің Бас прокуроры болып қайта тағайындалды

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді

Ерлан Қарин: Конституциялық Соттың шешімі қазіргі лауазым иелерін автоматты түрде қайта тағайындамайды