Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Фото: Zakon.kz
Астанада бір ұжымда жұмыс істейтін қызметкерлер арасындағы сенімге селкеу түсірген ұрлық дерегі ашылды. Күдікті өзімен бірге еңбек ететін әріптесінің бағалы әшекейін ұрлап кеткен, әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана ПД баспасөз қызметтінің мәліметінше, оқиға Алматы көшесіндегі кондитерлік дүкендердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 31 жастағы әйел қызметкер жұмыс кезінде әріптесінің қараусыз қалған сөмкесін пайдаланып, оның ішінен алтын білезікті жасырын түрде алып кеткен. Ұрланған әшекейдің құны 250 мың теңгені құраған.

Біраз уақыттан кейін алтын бұйымының жоғалғанын байқаған жәбірленуші полицияға арызданған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын бастап, дүкендегі бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерделеген. Жазбалар барысында күдіктінің сөмкеден алтын білезікті алып жатқан сәті анықталған.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады.


"Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Берік Асылов еліміздің Бас прокуроры болып қайта тағайындалды

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Ерлан Қарин: Конституциялық Соттың шешімі қазіргі лауазым иелерін автоматты түрде қайта тағайындамайды

Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті