Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті

Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 10:14 Сурет: Zakon.kz
8 шілдеге қараған түні Алматыда Nissan Primera және Chevrolet Cobalt жеңіл көліктерінің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Райымбек даңғылында, Саин даңғылына жетпей, батыс бағытта болған. Осы бағытта оң жақ рөлді Nissan Primera автокөлігі келе жатқан.

Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 10:14

Сурет: Zakon.kz

Көліктің алдыңғы жолаушылар орнында отырған әйелдің айтуынша, кенеттен олардың алдынан ер адам шыға келген.

Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетпеу үшін барынша әрекет жасағанымен, соқтығысудың алдын ала алмаған. Соққының салдарынан ер адам қарсы бағыттағы жолаққа ұшып түскен.

Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 10:14

Сурет: Zakon.kz

Сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, жолға құлаған ер адамды басып кеткен. Көлік оны біраз қашықтыққа дейін сүйреп кеткен.

Оқиғадан кейін екі жүргізуші де көліктерінен жүгіріп шығып, жаяу жүргіншіге көмектесуге тырысқан. Алайда ер адам жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.

Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 10:14

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты болған жерге жақын маңдағы басқа да жаяу жүргіншілер жиналған. Олардың айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін олар осы ер адамның көпірдің үстімен жаяу келе жатқанын көрген.

Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның жеке басы анықталып жатыр.

Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 10:14

Сурет: Zakon.kz

Оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.

Бұған дейін Алматыда жүргіншілер жолағына жүгіріп шыққан ер адамды автобус қағып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: