Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 20:49 Фото: Zakon.kz
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында Mazda және Chevrolet Cobalt көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақат алды, деп хабарлады Kazinform.

Жол апаты бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескере отырып қауіпсіз жылдамдық таңдауға, арақашықтықты сақтауға және рөлде аса мұқият болуға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: