Қостанай облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
17 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 184-ші шақырымында Chevrolet Cobalt және Audi автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Костанайские новости" жергілікті басылымының мәліметінше, екі көлік те Астанаға қарай бағыт алған.
Алдын ала келтірілген деректерге сүйенсек, Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолға кесе-көлденең тұра қалған. Оның артынан келе жатқан Cobalt жүргізушісі сасып қалып, ешқандай шара қолдана алмады, соққы салдарынан көлік тас жолдың шетіне ұшып түсіп, отқа оранған.
Chevrolet-тегі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнына қаза тапқаны айтылады. Екі көліктің де жүргізушілері мен екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық пунктке жеткізілді.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол апатының себебі мен барлық мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript