Алматыда жүргіншілер жолағына жүгіріп шыққан ер адамды автобус қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
8 шілде күні таңға жуық Алматыда №99 бағыттағы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автобус Саин даңғылымен төмен қарай, Рысқұлов көшесінің маңында келе жатқан кезде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол кенеттен жүгіріп шыққан екі ер адамға назар аударып, олардың артынан жүгіріп келе жатқан үшінші жаяу жүргіншіні байқамай қалған.
Оқиға тікелей жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Автобус қағып кеткен ер адам ауыр жарақат алды.
Жүргізушінің сөзінше, зардап шеккен жаяу жүргінші мас күйде болған. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін жансақтау бөлімінде күресіп жатыр.
Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


