Кәмелеттік туған күнін Каспий жағасында тойламақ болған жас жігіт жоғалып кетті

Фото: Zakon.kz
18 жас туған күнін достарымен Каспий жағалауында тойламақ болған Азамат Дүйсеханов бірнеше күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ТЖД мәліметіне сүйенсек, Каспий теңізінде іздестіру-құтқару жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасуда. 7 шілде күні Азамат Дүйсеханов 18 жас туған күнін Ақтаудан 46 шақырым жердегі теңіз жағасында атап өткен. Алайда жастар 15:00 шамасында туған күн иесінің із-түссіз жоғалғанын аңғарған.

"Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің, Әскери-теңіз күштерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және өзге де бөлімшелердің күштері жұмылдырылған. Іс-шараларға құтқарушылар, сүңгуірлер, жедел қызметтердің қызметкерлері және басқа да мамандар қатысуда. Жалпы іздеу жұмыстарына 53 адам, 6 техника және 8 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған",- деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ТЖД ресми өкілі Ерлан Солтанмұратов.

Бұған дейін былтыр күзде із-түссіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды