Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің ауласында киімсіз жүріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан 48 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Белгілі болғандай, бұл оның алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін де аталған азамат өзенге жалаңаш күйде түсіп, жұртшылықтың назарын аударған.

Алайда бұрынғы оқиғадан тиісті қорытынды шығармаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады.

Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамға анық құрметсіздік білдіретін кез келген заңсыз әрекетке дереу тосқауыл қойылып, кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді