ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Фото: Национальный центр тестирования
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 13 шілдеде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы негізгі ҰБТ-ны шамамен 233 мың талапкер тапсырды. Олардың ішінде:

Оның ішінде:

"Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды (2025 жылы 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды)." Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тестілеу қорытындысы бойынша 177 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ын құрайды.

Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады. Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир және Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ конвертациясы арқылы) жинады. 821 адам 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 800 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Электронды форматта өтетін ҰБТ-да апелляцияға беру оңай, әрі ыңғайлы. Тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер бірден апелляцияға электрондық форматта өтініш береді.

Биыл апелляцияға 95 мыңнан астам өтініш қабылданып, олардың ішінде 152 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҰБТ өткізу барысында 890 ереже бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды