Астанада көпқабатты үйдің жертөлесінде рұқсатсыз өткен концертке ондаған адам жиналды

Сурет: pixabay
Астанада тұрғын үйдің жертөлесінде "жерлеу концерті" деп аталған жабық шара ұйымдастырылып, оған кәмелетке толмағандар да қатысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 14 шілдеде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары аулада қатты шулап жүрген жастар тобына қатысты полицияға хабарлағанын мәлімдеді.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Тексеру барысында тұрғын үйдің жертөлесінде "жерлеу концерті" деп аталған шараның өтіп жатқаны анықталды. Іс-шараның жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісілмегені белгілі болды. Тексеру кезінде тар бөлмеде шамамен 65 адам болған, оның 28-і – кәмелетке толмағандар", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Жарияланған бейнежазбадан шараға қатысушылардың мошпит ұйымдастырып, жартылай шешініп, бір-бірін итеріп жүргені байқалады.

"Сонымен қатар мекемеде алкоголь өнімдері сатылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау және кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында барлық қатысушы полиция бөліміне жеткізілді. Заң бұзушылықтарға жол берген ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – деп мәлімдеді полиция.

Полиция департаменті ата-аналарды балаларының бос уақытын қайда және қалай өткізетініне ерекше назар аударуға, олардың күмәнді әрі қауіп төндіруі мүмкін іс-шараларға қатысуына жол бермеуге, сондай-ақ заң талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіруге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас күйіндегі ер адам түнде жалаңаш күйде көшеге шығып, нәтижесінде 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды