Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Сурет: primeminister.kz
2026 жылғы 17 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды", – деп эазылған ресми ақпаратта.

Дастан Рыспеков 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің кірістер түсімдерін болжау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2007–2016 жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласының Тексеру комиссиясында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық қызметтер атқарған. 2016–2018 жылдары – "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері. 2018–2019 жылдары Павлодар облысының Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы болды.

2019 жылғы сәуірден бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. 2020–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болды. 2023 жылғы тамыздан бастап Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы - 2026

Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты