Қостанай облысында Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: unsplash
22 шілде күні таңертең Қостанай облысындағы Жайылма ауылының маңында, Қостанай – Қарабұтақ тас жолында Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 автокөліктері соқтығысып, адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, соқтығыс салдарынан Jetour X70 жол жиегіне аударылып кеткен, ал Chevrolet Cobalt жолдан шығып кеткен.

Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Апат салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Екінші жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті ем жүргізіп жатыр.

"Қостанай – Қарабұтақ автожолының Жайылма ауылы маңындағы жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр". Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы маңында мас күйде көлік тізгіндеген бойжеткен жер үйдің қоршауын бұзып өтіп, екі адамды жарақаттағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды