Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президенті Абдель Фаттах әс-Сисиді және Мысыр халқын ұлттық мереке – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент құттықтау жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастың алдағы уақытта да екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Абдель Фаттах әс-Сисиге жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Мысырдағы Революция күні – жыл сайын 23 шілдеде атап өтілетін елдің басты ұлттық мерекесі. Бұл күн 1952 жылғы Шілде революциясының жылдығына арналған. Аталған революция Ұлыбританияның отарлық ықпалы мен елдегі монархиялық биліктің аяқталуына жол ашты.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппке Ұлттық мерекесі – Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы