Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 30 шілдесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады.

"Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Мароккода Тақ күні – жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін корольдіктің басты ұлттық мерекесі. Бұл мереке ұлт бірлігі мен монархияға адалдықты білдіреді.

2026 жылғы 28 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Перудің тұңғыш әйел президентін құттықтаған еді.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді