Астанада дүркіретіп отшашу атқан тұрғын қамауға алынды

Фото: Zakon.kz
Астана тұрғыны қуатты отшашу атып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 10 тамызда мәлім еткендей, оқиға Тұран даңғылы бойындағы көпірдің астында болған. 40 жастағы ер адам сол жерде отшашу атқан.

"Қоғамдық орындарда тиісті рұқсатсыз пиротехникалық бұйымдарды пайдалану айналадағы адамдарға қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзуы мүмкін. Мұндай әрекеттер көлік қозғалысы қарқынды учаскелер мен адам көп жиналатын орындардың маңында аса қауіпті. Оның салдары ауыр болуы ықтимал. Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке қамауға алынды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтау маңызды екенін еске салды.

Бұған дейін, 6 тамызда, Астанада танымал блогер Мирас Беркінбаевтың қамауға алынғаны хабарланған еді. Бұған оның қоғамдық орында балағат сөздер айтқан бейнежазбаларды жариялауы себеп болған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі