Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді – "Отбасы банк" статистикасы

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2026 жылғы 11 тамызда Үкіметтегі брифинг барысында салымшылар мен қарыз алушылар туралы статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда ипотеканы әйелдер жиі рәсімдейді.

"Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салымшылардың орташа жасы – 35, ал қарыз алушылардың орташа жасы – 41. Гендерлік көрсеткіш бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясындағы салымшы әйелдердің саны басым. Олардың саны 2 миллионнан асады, ал ер салымшылардың саны 1,9 миллионнан астам", – деді Ләззат Ибрагимова.

Пайыздық арақатынаста әйелдердің үлесі – 58%, ал ерлердің үлесі 42%-ды құрайды.

"Нарықтық бағдарламалар бойынша да жағдай осыған ұқсас. Салымшылардың орташа жасы – 35, ал қарыз алушылардың орташа жасы – 39", – деді ол.

Бұған дейін "Ұмай" әйелдер ипотекасының қашан іске қосылатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған