Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Сурет: primeminister.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау көлінде Ресей Федерациясының төрт азаматы құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 12 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, демалушылар резеңке қайықпен көлде болған.

"Қатты жел мен биік толқын салдарынан қайық аралға қарай ығысып, салдарынан демалушылар жағалауға қайта алмаған. Ер адамдар құтқару кеудешелерін киіп, жағалауға өз беттерінше жүзіп жетуге шешім қабылдаған. Алайда олар өз күштері мен ауа райы жағдайын дұрыс бағаламаған. Қатты жел мен толқын суда қозғалысты едәуір қиындатқан. Шұғыл хабарлама алған құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына барып, төрт адамның барлығын жағалауға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған".

Бұған дейін Таразда қатты жел балалар жүрген үрмелі батутты көтеріп кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін