Таразда қатты жел балалар жүрген үрмелі батутты төңкеріп тастады

Батут, Тараз, қатты жел, бала, оқыс оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 17:37 Сурет: Instagram/kris.p.jambyl
Таразда қатты соққан жел балалар жүрген үрлемелі батутты көкке көтеріп әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2026 жылдың 11 тамызында Әулиеата ауданында болған.

Желіде жарияланған видеодан ересектердің бірден көмекке жүгіріп бара жатқанын көруге болады.

"Жел көтеріп кеткен батутта болған екі бала жерге құлап түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша балалар зардап шеккен жоқ", делінген Тараз қаласы Әулиеата ауданының әкімдігі жариялаған түсініктемеде.

Әкімдіктің мәліметінше, қазір батутты орнатқан кәсіпкер мен автотұрақ иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: