Қостанай облысында қатты жел колледж шатырының жабындысын жұлып әкетті

Шатыр жабындысы, Қостанай облысы, қатты жел, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 22:17 Сурет: pixabay
5 маусымда қатты жел Қостанай облысындағы колледж мен жатақхананың шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы ТЖД атап өткендей, оқыс оқиға Меңдіқара ауылында болған.

"Бүгін қатты желдің салдарынан колледж корпусының 132 шаршы метр болатын шатыр жабындысы және жатақхана шатырының 50 шаршы метр аумағы ішінара жұлынды", делінген хабарламада.

Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін 6 маусымда синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: