Түркістан облысында қарсы жолаққа шыққан жүргізуші дрон арқылы анықталды

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара барысында полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.

Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш – Монтайтас автожолында бақылау жүргізу кезінде Toyota Camry автокөлігінің басып озуға тыйым салынған жол бөлігінде қарсы бағытқа шыққанын тіркеді.

Құқық бұзушылық дронның көмегімен анықталған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Жаңбырдың арты қарға ұласады". Алматыда ауа райы күрт бұзылады