Астанада сауна мен балабақша орналасқан ғимараттан өрт шықты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылдың 3 қыркүйегіне қараған түні Астананың Алматы ауданында екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Абырой болғанда құтқарушылар өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметінше, ғимарат Обаган көшесінде орналасқан. Бірінші қабатта сауна мен сыра дүкені, ал екінші қабатта жекеменшік балабақша болған.

"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті сөндіруге тығыз салынған құрылыс, қатты түтін, сондай-ақ тар жолдар мен өткелдердің болуы қиындық келтірді", – деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Құтқарушылар өрттің жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Өрт 250 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қыркүйекте Қарағандыдағы ауруханада өрт шығып, науқастар көрші блокқа эвакуацияланғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді