Қарағандыдағы ауруханада өрт шығып, 20 науқас эвакуацияланды
Сурет: Zakon.kz
Қарағанды қаласының Мұқанов көшесінде орналасқан көпбейінді аурухана ғимаратында жиналған макулатура өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) хабарлауынша, өрт бір қабатты кіреберіс ғимараттың ағаш шатыр құрылымына тараған. Ал бұл ғимарат аурухананың негізгі бес қабатты ғимаратына жапсарлас салынған.
"Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары аурухана әкімшілігімен бірлесіп, қауіпсіздік мақсатында 20 науқасты ғимараттың көршілес блогына эвакуациялады", – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар 25 шаршы метр аумаққа таралған өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
2026 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда ауруханаішілік инфекциялар санының өскені белгілі болды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі меншік нысанына қарамастан, елдегі барлық медициналық ұйымдарда міндетті ішкі инфекциялық аудит енгізу туралы шешім қабылдады.
Ведомство ауруханалардағы бақылауды күшейтіп, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті бұйрық жобасын әзірледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript