Ақтөбеде сарбаздың таяққа жығылуы: Ұлттық ұлан не дейді

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбедегі әскери бөлімде таяққа жығылғанын айтқан сарбаздың интернет ресурстарындағы видеосына қатысты 2026 жылы 4 қыркүйекте Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгіндері 6655-ші әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісіне қатысты орын алған жайт бойынша ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайлары анықталуда. Жан-жақты әрі объективті тексеру нәтижелері бойынша аталған жағдайға қатысты тиісті құқықтық баға берілетін болады", делінген түсініктемеде.

Айта кетсек, Lada.kz басылымының хабарлауынша, 18 жастағы Досымбет Еркебұлан 2026 жылы 3 шілдеде әскери қызметке шақырылып, қазіргі уақытта Ақтөбедегі Ұлттық ұланның 6655-ші әскери бөлімінде қызмет етіп жатыр. Оның анасы Гүлдана Кетибаеваның айтуынша, 4 қыркүйек күні оған Ақтөбедегі ауруханадан хабарласып, баласының үш күннен бері өздерінде жатқанын жеткізген.

Анасының сөзінше, бастапқыда науқасты уролог тексерген, алайда талдау нәтижелері ешқандай инфекцияны анықтамаған. Содан кейін травматолог шақырылып, ол зәр шығару жолдарындағы мәселені дене жарақатымен байланыстырған.

Дәрігермен сөйлескеннен кейін жас жігіт анасына әскери бөлімде өзін жиі ұрып-соққанын мойындаған. Дәрігер әскери қызметшімен сөйлескеннен кейін полиция шақырған. Сарбаз арыз жазған. Кейін полиция бөлімінде анасымен бейнебайланыс арқылы сөйлескен кезде ол өзін аға сержант пен тағы екі сержант ұрғанын айтқан.

Видео мына сілтемеде.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді