Жетісу облысында ұрланған мылтық полицияның жедел жұмысының арқасында табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Ақсу ауданында полиция қызметкерлері тіркелген аңшылық қарудың ұрлану дерегін ашты. Анықталғандай, жергілікті тұрғынның үйінен Вепрь-КМ ВПО-136 аңшылық мылтық ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа Сарқан ауданының 18 жастағы тұрғынының қатысы бар екенін анықтады. Ол бұған дейін жәбірленушінің үйінде жұмыс істеп, оған атқа мінуді үйреткен.

Тергеу барысында жас жігіттің үй иесінің жоқтығын пайдаланып, үйге кіргені және сейфтің артында тұрған мылтықты көргені белгілі болды.

Кейін ол қаруды ұрлап, өз үйіне алып кеткен. Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған қарудың тұрған жерін анықтады.

Мылтық табылып, заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Сонымен қатар азаматтық қаруды сақтау және айналымы қағидаларын бұзғаны үшін мылтық иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция қару иелеріне оны сақтау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Қару мен оқ-дәрілер белгіленген тәртіппен сақталып, бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде болуы тиіс.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін