Өскемен маңындағы орманда саңырауқұлақ теруге барған қария адасып кеткен

Сурет: pexels
Өскемен қаласындағы Лесхоз саяжайлары маңына саңырауқұлақ теруге барған 69 жастағы ер адам орманда адасып кеткен. Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілген. Олар ер адамды орман алқабынан тапты.

Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетіп, орманнан алып шықты.

ТЖМ азаматтарды орманға немесе тауға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға және жүретін бағыты туралы жақындарына хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ, жолға шықпас бұрын ауа райы болжамы мен жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттеп, бағытыңызды ТЖМ-ге хабарлап, тіркеу қажет.

Өзіңізбен бірге қуаты толық телефон, жылы киім және қажетті дәрі-дәрмек алыңыз. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласыңыз.

Бұған дейін Түркістан облысында ерекше құтқару операциясы жүргізілгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін