Жалған виза мен өзгенің құжаты: ҰҚК Қазақстан әуежайларында қандай заң бұзушылықтарды анықтады

Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі бүгін, 2026 жылғы 15 қазанда еліміздің әуежайларында шетелдіктерден жалған құжаттар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, биылғы қыркүйек және қазан айларында Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжаттармен Қазақстан шекарасынан өтпек болған 19 шетел азаматы анықталған.

"Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визалар мен өзге адамдардың жеке деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Комитеттің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылау барысында осындай 358 фактінің жолы кесілген.

Осыған байланысты ҰҚК Шекара қызметі жалған және өзгенің құжаттарын пайдаланып, шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Комитет өкілдері жалған және өзгенің құжаттарын пайдаланатын адамдарды Қазақстанға кіргізбеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.

Бұған дейін ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы қыркүйектегі жұмыс қорытындысын жариялаған еді. Шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 138 адам ұсталған, олардың 3 502-сі – шетелдіктер.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін