Астана әуежайы шұғыл хабарландыру жасады

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 15 қазанда Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жолаушыларға шұғыл хабарландыру жасап, өрт дабылы іске қосылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолаушыларға әуежайда өрт дабылы іске қосылуы мүмкін екені ескертілді.

"Бүгін сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін Астана халықаралық әуежайының 2-терминалында (Т2) өрт дабылы жүйесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі. Осы уақыт аралығында өрт дабылы қысқа мерзімге іске қосылуы мүмкін. Жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінен жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әуежай өкілдері уақытша қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрады.

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайының 2-терминалында жоспарлы профилактикалық жұмыстар 2026 жылғы 13 шілдеде жүргізілген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін