Павлодар облыстық Полиция департаментінің 2026 жылғы 15 қазандағы мәліметінше, тексеру М. Жүсіп пен М. Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан құрылыс нысанында жүргізілген.
Істің барлық мән-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдау үшін шетел азаматтары көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді. Нысанда барлығы 13 шетел азаматы тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген.
Бұған дейін Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген адамдар анықталған еді. Сол кезде көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 88 шетелдіктің елден шығарылғаны хабарланды.