Екі күнде екі адам қаза тапты: Ақмола облысындағы қайғылы оқиға тұрғындарды алаңдатты

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахта аумағынан екі күн қатарынан екі ер адамның мәйіті табылды. Құқық қорғау органдары екі дерек бойынша да тергеу бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адамдардың қаза тапқаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәліметті растап, оқиғаның алғашқы мән-жайын хабарлады.


"14 және 15 қазанда Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген", – деп хабарлады 2026 жылғы 15 қазанда Полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір полицейлер оқиғалардың нақты ретін және барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Бестөбедегі кен орындарында мұндай жағдай бұған дейін де болған. 2026 жылғы мамырда жергілікті кеніште заңсыз алтын іздеген екі адам қаза тапқан еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан