Әлемде және ТМД елдерінде нан қанша тұрады: зерттеу нәтижесі

Фото: primeminister.kz
Әлемде нан бағасы қарқынды өсіп жатқанымен, Қазақстандағы нан ТМД елдерімен және әлемнің өзге мемлекеттерімен салыстырғанда әлі де арзан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Геосаяси тұрақсыздық, қалыптасқан халықаралық сауда және логистика бағыттарының бұзылуы, Еуропадағы аптап ыстық пен құрғақшылық, сондай-ақ әлемдік нарықта энергия ресурстары мен тыңайтқыштардың қымбаттауы азық-түлік бағасының күрт өсуіне әсер етіп отыр. Бұл жағдай дәнді дақылдардың, әсіресе бидайдың бағасынан байқалады.

Мәселен, 2026 жылы бір бушель бидайдың бағасы 2025 жылмен салыстырғанда шамамен 30%-ға көтеріліп, 5,07 доллардан 6,54–6,60 долларға жеткен. Бидай қымбаттаған сайын одан жасалатын нан, макарон, құрғақ таңғы ас өнімдері мен печеньенің де бағасы өседі.

Осы үрдістерді ескерген Numbeo онлайн платформасының сарапшылары әлемде нанның қай елде ең қымбат, қай елде ең арзан екенін анықтау үшін зерттеу жүргізген.

Салыстыру үшін әр елдегі салмағы 500 грамм ақ нанның орташа бағасы алынған. Зерттеу нәтижесінде елдер нан бағасы ең қымбатынан ең арзанына қарай реттелген.

Нан қай елдерде ең қымбат?

Салмағы шамамен 500 грамм ақ нанның ең жоғары бағасы Исландияда тіркелген. Мұнда бір бөлке нан 4,03 доллар тұрады. Бұл Ұлттық банктің 2026 жылғы 20 қазандағы бағамы бойынша 1 823 теңгеге тең.

Норвегия мен Швейцарияда нан сәл арзанырақ. Норвегия тұрғындары бір бөлке нан үшін 3,75 доллар немесе 1 697 теңге төлесе, Швейцарияда оның бағасы 3,67 долларды немесе 1 661 теңгені құрайды.

Ақ нан ең қымбат сатылатын елдер мен аумақтар қатарына мыналар да кіреді:

Австралия, Мексика, Аустрия, Финляндия, Италия және Аргентинада да нан арзан емес. Бұл елдерде салмағы 500 грамм ақ нанның бағасы мынадай:

ТМД елдеріндегі нан бағасы

Numbeo сарапшыларының мәліметінше, ТМД елдері арасында ақ нан ең қымбат сатылатын ел – Армения. Мұнда бір бөлке ақ нанның бағасы 0,86 доллар немесе 389 теңге тұрады.

Өзге елдерде нан бағасы Арменияға қарағанда төмен:

ТМД аумағында ақ нан ең арзан сатылатын үш елдің қатарына Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстан кіреді. Қазақстанда бір бөлке ақ нан 0,55 доллар немесе 248 теңге, Әзербайжанда 0,47 доллар немесе 212 теңге, ал Қырғызстанда 0,37 доллар немесе 167 теңге тұрады.

Нан қай елде ең арзан?

2026 жылғы қазандағы мәлімет бойынша, әлемде салмағы 500 грамм ақ нан ең арзан сатылатын ел – Алжир. Мұнда оның орташа бағасы 0,16 доллар немесе 72 теңге.

Әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда мына мемлекеттерде де нан арзан:

Бұл көрсеткіштер Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстандағы нан бағасы ТМД елдері арасында ғана емес, әлем бойынша да ең төмен бағалардың қатарында екенін көрсетеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды