Қазақстандықтар алаяқтардың қандай айласына жиі түседі: ІІМ түсіндірді

Фото: freepik
ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов 2026 жылғы 21 қазанда ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанда интернет-алаяқтықтың ең көп тараған үш тәсілін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері елімізде интернет-алаяқтықтың қандай түрлері жиі кездесетінін, азаматтарға көбірек шығын келтіретінін және киберполицияны ерекше алаңдататынын сұрады.

"Қазір интернет-алаяқтықтың ең кең тараған тәсілі – құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу. Алаяқтар өздерін осы мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырып, күмәнді операциялар туралы хабарлайды. Кейін азаматтарға психологиялық қысым көрсетіп, шұғыл әрекет ету керегін және жүргізіліп жатқан операциялардың қауіпті екенін алға тартады. Осылайша оларды өз атына несие рәсімдеп, ақшаны үшінші тұлғаларға аударуға мәжбүрлейді", – деді спикер.

Оның айтуынша, екінші орында – жалған инвестициялық ұсыныстар. Қазақстандықтар интернет пен әлеуметтік желілерден қаражат салу туралы жарнамаларды көріп, алаяқтарға ақша аударады. Соның салдарынан қаражатынан айырылады.


"Үшінші кең тараған тәсіл – онлайн-сауда арқылы алдау. Азаматтар маркетплейстер мен әлеуметтік желілердегі тауардың бар-жоғын және сатушының сенімділігін тексерместен, тауар құнының жартысын немесе толық сомасын алдын ала аударып, ақшасынан айырылады", – деді Бейбіт Біржанов.

Бұған дейін Threads желісінде концерт билеттерін сату арқылы жұртты алдау схемасын ойлап тапқан қазақстандық туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді