Мамандар бұл мәселені қазақстандық тұрғынның сауалына жауап беру барысында қозғады.
Ол мынадай сұрақ қойған:
"Некеге тұрғанда өз тегімді сақтап, оған жұбайымның тегін қосқым келеді. Қосарланған текті алуға бола ма және ол құжаттарда қалай жазылады?"
Мемлекеттік корпорация мұндай мүмкіндік бар екенін растады.
"Иә, некеге тұру кезінде өз тегіңізге жұбайыңыздың тегін қоса аласыз", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет".
Алайда бір шарт бар: некеге дейінгі тектердің ешқайсысы қосарланған болмауы тиіс.
"Өзіңіздің де, жұбайыңыздың да некеге дейінгі тегі қосарланған болмаса ғана қосарланған текті алуға болады", – деп нақтылады корпорация өкілдері.
Бұған дейін мемлекеттік корпорация Қазақстанда жылжымайтын мүлікке қатысты өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылатынын ескерткен еді.