Хромтауда дәмханаға келгендерге әдепсіз ишара көрсеткен ер адам 5 тәулікке қамалды

Фото: Zakon.kz
Хромтау қаласында ер адам дәмханаға келушілерге ортаңғы саусағын көрсеткен. Оның әрекеті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тез тараған. Жазба полицияның назарын аударып, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 16 қарашада өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер жергілікті дәмханалардың бірінде түсірілген видеоны анықтаған. Кадрларда келушілердің біріне әдепсіз ишара көрсеткен ер адам бейнеленген.

Оның әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

"Видеожазбаны зерделегеннен кейін полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде сараланды", – делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайын қараған сот ер адамды қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Ал Ақтөбе тұрғынының TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтуы да бес тәулікке қамалуына себеп болған.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды