Өрт сөндіру көлігі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Ал Toyota Camry Атакент жағынан Әуезов көшесімен төмен қарай түсіп келе жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Соққыдан кейін Toyota Camry арнайы көліктің астында қалып қойған. Өрт сөндіру көлігі жеңіл автокөлікті астына басып, бірнеше ондаған метрге дейін сүйреп өткен. Кейін екі көлік те жолдан шығып кетіп, алдымен бағдаршам бағанына соғылған, одан соң арыққа түскен.
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру көлігі жол жарығын түсіретін бағанаға соғылғаннан кейін ғана тоқтаған. Ал Toyota Camry арықтан асып, гүлзардың үстіне ұшып түскен.
Cурет: Zakon.kz
Апат кезінде жеңіл көлікте тек жүргізуші болған. Ол көлік салонында қысылып қалған. Құтқарушылар оны көліктен шығарғанымен, ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Сурет: Zakon.kz
Сондай-ақ жол апатынан екі өрт сөндіруші зардап шеккені хабарланды. Олар ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның қалған қатысушыларына медициналық көмек сол жерде көрсетілді.
Сурет: Zakon.kz
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда да жедел қызмет көлігі жол апатына ұшыраған болатын. Шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігіне басқа жүргізуші жол бермей, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болған еді.