ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы хабар Ескула-3 станциясына жақын орналасқан Ақтұмақ қыстауынан түскен.
Іздестіру жұмыстары кезінде малшы құтқарушылармен байланысқа шыққан. Осыдан кейін іздеу тобы оның орналасқан жерін анықтап, үйіне жеткізді.
Малшы зардап шеккен жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады.
Бұған дейін Ақмола облысында жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.