Оқиға Әзербайжан Мамбетов пен Сырым батыр көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Сырым батыр көшесінен қиылысқа Peugeot 307 көлігі жоғары жылдамдықпен шығып кеткен. Сол сәтте Мамбетов көшесімен Mercedes E-Class көлігі келе жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, Mercedes жүргізушісі соқтығысудан қашып, қарсы бағытқа қарай күрт бұрылған. Салдарынан көлік бордюрге соғылып, әуеге көтеріліп, аударыла бастаған.
Сурет: Zakon.kz
Осы кезде ол оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Carina E көлігіне соғылған. Бұдан кейін Mercedes бірнеше қоршау мен қоқыс контейнерін қиратып өткен.
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала дерек бойынша, жеңіл көлік шамамен 60 метр бойы аударылып барып, тротуардан ұшып шығып, бүйірімен құлаған.
Сурет: Zakon.kz
Жол апатынан Mercedes жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Toyota жүргізушісі жарақат алмаған. Ал Peugeot жүргізушісі жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін полиция қызметкерлерін күткен.
Айта кетейік, Абай облысында мас күйде болған жол талғамайтын көлік жүргізушісі полицияның қудалауы кезінде патрульдік көлікті соғып кеткен еді.