Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құруды тапсырды. COVID-19 пандемиясына қарсы күреске арналған Жаһандық саммитте сөйлеген сөзінде Қазақстан «халықаралық стандарттарға сәйкес келетін биологиялық қатерлерді болжауға арналған кешенді әрі жоғары технологиялық құрылымын жасақтауға» ұмтылып отырғанын атап өткен болатын.Парламент мәжілісінің депутаты З.Сүлейменова
Депутат Мемлекет басшысы атап өткен жүйені құру жөніндегі кешенді міндетті орындау үшін (1) патогендермен жұмыс істеуге тиімді мониторинг пен есепке алуды жүзеге асыруға, (2) биологиялық тәуекелдерді модельдеуге және басқаруға, және (3) биоқауіпсіздік үшін белгілі және жаңадан туындайтын қатерлерді болжауға мүмкіндік беретін заңнамалық база қажет екенін айтты.
"Қазіргі уақытта қарастырылып жатқан тиісті заң жобасы қажетті құқықтық негізді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін" айтқан З.Сүлейменова ұлттық болжау жүйесін әзірлеу сатысында тапсырманы сапалы орындау мәселесінің өзектілігіне тоқталды.
Алайда ұлттық болжау жүйесін әзірлеу сатысында тапсырманы сапалы орындау мәселесі өзекті болып отыр. Биологиялық тәуекелдер өте күрделі және мультифакторлы екендігін түсіну қажет. Патогендермен жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты аспектілермен қатар (biological safety), оларды заңсыз пайдалануға жол бермеу жөніндегі аспектілер де (biological security) бар. Сондай-ақ, ДНҚ-ны секвенирлеу жөніндегі технологиялардың қолжетімділігінің өсуіне (және киберқауіпсіздік тәуекелдерінің қауымдасы) және жаппай қырып-жою қаруын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін ақпарат пен технологиялардың материалдық емес берілуіне байланысты қауіптер де бар.Парламент мәжілісінің депутаты З.Сүлейменова
Мәжіліс депутатының айтуынша, осыған байланысты, ұлттық жүйе үлкен деректерді (big data), жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалану сияқты озық технологиялық шешімдерді қолдана отырып құрылу қажет екені анық. Халықаралық тәжірибеде осы мақсаттар үшін жасанды нейрондық желілер де, терең оқыту әдістері де қолданылады (deep learning). Осындай жүйелерді құруды қаржыландыру көбінесе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Ол "биоқауіпсіздікті болжаудың Ұлттық жүйесін құру кем дегенде үш кезеңнен тұруы керек" деп есептейді.
Бірінші кезең барлық өзекті деректерді цифрландыруды және ведомстволық ақпараттық жүйелерді қалыптастыруды көздеуі тиіс.
Екінші кезең барлық ақпараттық жүйелердің өзара тиімді интеграциялануын, оның ішінде патогендердің айналымын есепке алу мен мониторингілеуді арттыру үшін қамтамасыз етуі тиіс.
Үшінші кезеңде биологиялық тәуекелдерді модельдеуге және болжауға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді енгізуді қарастыруы қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындаудың ерекше маңыздылығын ескере отырып, депутат төрт түрлы ұсыныс білдірді:
1. Елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрудың нақты мерзімдері мен кезеңдерін айқындауды;
2. Осы мәселені қаржыландырудың басым бағытын көздеуді;
3. Болжау компонентін құру үшін озық технологиялық шешімдерді енгізуді;
4. Елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың Ұлттық жүйесін әзірлеу және процесін үйлестіру үшін уәкілетті орган айқындауды жөн санаймыз.
Сөз соңында З.Сүлейменова жауапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуды сұрады.