Ауыл шаруашылығы министрі: Бұған дейін жасалған әдістер күткендей нәтиже бермеді

Еліміздегі малшаруашылығында оң өзгерістерге жету үшін өсіріп отырған мал тұқымдарының генетикалық әлеуетінің деңгейін көтеру қажет, деп хабарлайды Zakon.kz

Қолданыстағы малдың генетикалық әлеуетін көтеру үшін әдістер мен тәсілдер бұған дейін күткендей мәселе бермеді. Осыған байланысты 13 бапта уәкілетті органнның құзіреттері келесідей толықтырылады:

  1. Жануарларды индексты бағалау қағидаларын даярлау және бекіту. Индекстік бағалау енгізу мал иесін жануарлардың пайдалы белгілерін дамыту мақсатында қажет. Мысалы етті малшаруашылығында төлдің туылғандағы және енесінен айырылғандағы тірідей салмағы, ал сүтті малшаруашылығында төлдеудің жеңілдігі және т.б қарастырылған.

  2. Жануарларға молекулярлық – генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын даярлау және бекіту. Молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізу асыл-тұқымды малдың шығу тегін нақты анықтауға ақпарат береді.

  3. Толықтыру геномдық бағалау жүргізу қағидаларын даярлау және бекіту. Геномдық бағалауды енгізу малдың асылтұқымдылығын ерте жаста анықтау. Жануарларды күтіп бағу шығындарын азайтуға, аталықтарды сұрыптау қарқынын жоғарылату арқылы бағалауға ең мықтыларын қоюға, әрбір тұқым бойынша тиімділікті және генетикалық прогресті арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасының 16.5 бабында ауылшаруашылығы бейіміндегі ғылыми зерттеу ұйымдарының құзіретін күшейту қарастырылып отыр. Аталған ұйымдар уәкілетті органдармен бірлесіп жаңа нормативты құқықтық актілерді даярлауға және асыл-тұқымды малшаруашылығындағы ақпараттық жүйелердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуге қатысатын болады.

Сонымен бірге жаңа 21-де бірінші молекулярлық сараптама бабы қарастырылуда. Аталған бапта молекулярлық – генетикалық сарапатама жүргізу кезінде негізгі ережелер тапсырыс берушінің және мамандандырылған зертханалардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Одан басқа молекулярлық генетикалық сараптаманы орындаушыларды заңды негізде бекіту үшін мамандырылған зертхана деген жаңа ұғым енгізілуде. Сонымен қатар, 28.3 бабында асылтұқымды малшаруашылығы саласындағы республикалық палаталардың қызметтерін реттеу мақсатында заң жобасы мен республикалық палаталардың құзіреттері нақтыланады және кеңейтіледі. Мәселен республикалық палата мүшелерін шақыру және кезектен тыс жиналысын өткізуге жинау, республикалық палата төрағасының өкілеттілігінің мерзімдері заң негізінде анықталады.

Заң жобасының жаңашылдығының бірі:

Одан басқа республикалық палаталардың ұсыныстары бойынша жануарлардың тұқымдық және қасиеттерін жақсарту мақсаттарында ауылшаруашылығы тауар өндірушілермен жаңадан алынған ұрық және эмбриондарды пайдалануға мүмкіндік ашып отыр.

Сонымен қатар, екінші санаттағы асылтұқымды ірі қара мал түсінігінің жаңа редакциясы жазылды. Оған сәйкес екінші санаттағы ірі қара малдың да асыл тұқымды куәліктерінде әкелік бас жағынан деректермен қатар, аналық бас жағынан да деректерді көрсету қарастырылып отыр.

Аталған редакция қабылдау ЕО мемлекеттік мүше елдердің заңнамалық базасын унификацилау үшін өте маңызды.

Қазақстан Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: