ОСК Қазақстанда қанша сайлаушы бар екенін айтты

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлаушылар тізілімін Орталық сайлау комиссиясы жылына екі рет 1 қаңтарда және 1 шілдеде нақтылайды.

"2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сайлаушылар тізілімін жасадық, оған тұрақты тұратын аудандар бойынша алдын ала бөлінген 11 970 406 сайлаушы кіреді. Ең көп сайлаушы – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ең азы – 138 277 адам, Ұлытау өңірінде".Константин Петров

Оның айтуынша, тізімді қалыптастыру тіркеу жазбасы негізінде де, азаматтардың дауыс беру кезінде олардың тұрғылықты жері бойынша тізімге енгізу туралы өтініштері негізінде де жүзеге асады. Сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішті тұрақты тіркеуде емес, сайлау күні нақты болған жері бойынша әкімдіктерге 30 күннен кешіктірмей, яғни 17 ақпанына дейін беруге болады.

30 күн өткеннен кейін ОСК барлық 20 облыстан сайлаушылар тізімін жинайды және дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 26 ақпанда тізімдер сайлау учаскелеріне тапсырылуға тиіс. Одан әрі учаскелік комиссиялар оларды қарауға дайындап, 4 наурыздан бастап тізімдер сайлау учаскелерінде жалпыға қолжетімді болады. Әр азамат сайтқа келіп, оның тізімге енгізілгенін және деректердің дұрыстығын тексеруге құқылы.

Президент жарлығымен парламент мәжілісі депутаттарын сайлау 19 наурызға белгіленген. ОСК шешімімен мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы бір күнде өтеді.



Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: