Жас жігіт пен полицейдің егесіне қатысты желідегі видеоға түсініктеме берілді

Бейнежазбаны желіге жариялаған жас жігіт өзіне полиция қысым жасап, күртешесін жыртқанын айтқан

Қарағандыда қала тұрғыны мен полицейлер арасындағы ерегестің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Сіз маған қол жұмсап тұрсыз, дұрыс па?

- Сізге ешкім қол жұмсаған жоқ, қателеспеңіз.

- Сіз мені ұстаған жоқсыз ба?

- Ұстадым, қатты ұстаған жоқпын.

- Жыртқан жоқпын күртеңізді.

- Жыртқан жоқсыз, ал жыртсаңыз ше?

Бейнежазбаны желіге жариялаған жас жігіт өзіне полиция қысым жасап, күртешесін жыртқанын айтқан. Бірақ оның сырт киімінің бүлінбегені бейнетаспадағы әңгімеден анық білінеді. Сөйтсе, полицейлер қорғаныс істері жөніндегі департаментпен арнайы рейдке шыққан екен. Онда Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүргендерді анықтап, сұхбат жүргізіледі, делінген КТК жаңалығында.

Әскери комиссариатқа келу туралы хабарлама беріледі. Бөлімшеге ешкім жеткізілмейді. Таспаға түсіріп елді дүрліктірген азамат бұл әрекетке неге барғанын олар да түсінбейді.

Ол полицияға өзіне арандату әрекеттерге барып, яғни күртемді жыртты деп бейнежазба жариялаған. Алайда бұл ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды. Айта кету керек, тек қана Қазыбек би ауданы бойынша 1200 адам әскерден жалтарып, Отан алдындағы борышын өткеруден қашып жүр.Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров
Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: