Ақмола облысында полицейлер кісі өлтіру фактісін ашты

Полицейлер көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, олардың бірінен қылмыс болған күні марқұмның подъезінен киімі мен қолдары қан болған белгісіз ер адамның шыққанын анықтады

Степногорск қаласында ер адамды өлтіру қылмысын полицейлер "ізін суытпай" ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстың орын алғаны туралы 6 желтоқсанда таңғы 9:00-де белгілі болды. Степногорск қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен көптеген дене жарақаттары бар ер адамның жансыз денесі табылды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның жеке басын анықтады, ол 1964 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

Полицейлер көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, олардың бірінен қылмыс болған күні марқұмның подъезінен киімі мен қолдары қан белгісіз ер адамның шыққанын анықтады.

Сол күні, 6 желтоқсанда полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ұсталған адам марқұммен ішімдік ішу кезінде жанжалдасып, соның барысында оны өлтіріп алғанын мойындады.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті қамауға алынды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: