Көліктегі полиция қызметкері пойыз келе жатқан рельс үстіндегі әйелді құтқарды

Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция аға сержанты Саят Қадыров уақытында әрекет етіп, пойыз келе жатқанда рельс үстіндегі елорда тұрғынын құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Пресногорьковская-Павлодар бағытындағы пойыздың жолаушысы Бурабай курорты стансасында сыртқа шығып, теміржол платформасында жағалай тұрған сатушыларға қарай өтпек болады. Сөйтіп ол Қарағанды-Қостанай бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызын байқамай қалады. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қадыров тез әрекет етіп, пойыз келе жатқан рельс үстіндегі әйелді құтқарды. Өзін аман алып қалғаны үшін ол тәртіп сақшысына алғыс айтты.

Қадыров Ақмола облысында 1996 жылы дүниеге келген. Ол ҚР ҰҚК ШҚ-да әскери борышын өтеді. 2018 жылдан бастап Бурабай курорты станциясында полицияның желілік бөлімшесінің патрульдік полиция тобының полицейі қызметін атқарады.

Өз кезегінде Көліктегі полиция департаментінің басшылығы адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Қадыровты марапаттау туралы шешім қабылдады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады