Павлодар облысында жолы жаман ауылдың әкіміне айыппұл салынды

Сурет: pixabay
Успен ауылдық округінің әкімі жолдарды тиісті деңгейде күтіп  ұстамағаны  үшін жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды Zakon.kz

Pavlodarnews.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 4-7 ақпан аралығында Успен ауданының полиция бөлімінің полицейлері «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізгенін хабарлайды.

Полицейлер жол жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен оларды өткізбеген жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайын  да  назарға алады.  Мысалы,  4 ақпан күні Успенка ауылында тексеру кезінде орталық көшедегі «жолақ» қар мен мұздан тазартылмағаны анықталды. Сондықтан аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабын бұзғаны үшін (жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамау)  Успен ауылдық округінің әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сәйкесінше оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ лауазымды тұлғаға кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілді.Успен ауданының әкімшілік полиция бастығы Александр Семенченко

Полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына жаяу жүргіншілер өткелінде қырағы болуды ескертеді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты